Астанада 47 км веложол салынады

«Осы жылы Астананың сол жағалауында 47 км веложол пайда болады. Веложол Қабанбай батыр даңғылы бойынша, Мәңгілік ел, Рысқұлов, Қарқаралы тас жолы мен Қонаев, Достық, Мақатаев және Есіл өзені жағалауын бойлай салынады. Жалпы жоба бес кезең бойынша іске асырылады, 2022 жылға дейін 1717 км веложол салу жоспарланып отыр», деп брифингте Астана ІІД әкімшілік полициясының капитаны Тимур Байкенжиев хабарлады.

Велосипед жолы Үркер ТК қарама қарсы Қорғалжын тас жолы (4 км) мен Тұран даңғылы бойынша Керей, Жәнібек хандар көшесі және Достық көшесі аралығында (2,9 км) салынады.

«Олар велосипед жолағы бойынша жүруі керек, ал оң жақтағы жол бойынша оның ішінде маршрутты транспорт жолақтарымен, немесе шетпен, тротуармен, жаяу жол жүргіншілері бойынша басқаларға қауіп тудырмауы шарт», — деді Тимур Байкенжиев.

Оның үстіне, велосипедшілер бір қатармен қозғалуы тиіс. Егер топ арасынан басып озғысы келсе арақашықтығы 80 немесе 100 метрден аспауы қажет.

«Велосипед иесіне біраз міндеттемелер артылады. Ереже бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Велосипедшілерге қатысты тағы бір әкімшілік акт, ол ереже бұзғанына қарай 2-ден 20 АЕК айыппұл салынады», — деді Тимур Байкенжиев.

ДереккөзAstana.gov.kz