Басты бет Тест Тест: Тыныс белгілерін қаншалықты сауатты қолданасыз?

Тест: Тыныс белгілерін қаншалықты сауатты қолданасыз?

Пунктуация ережелерін жақсы білесіз бе? Tест тапсырып, біліміңізді сынап көріңіз!

© mel.fm
0%

Үтір мен сызықша қатар келетін сөйлемді табыңыз:

Дұрыс! Қате!

"Түнімен жұмыс істеді, - үлгермеді". Мұндағы үтір мен сызықша "бірақ" сөзінің мағынасын беріп тұр.

Қос нүкте қойылатын сөйлемді табыңыз:

Дұрыс! Қате!

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың салдар мәнді жай сөйлемі себеп мәндісінен бұрын тұрса, араларына қос нүкте қойылады: Малшы сырын білем мен: қолында өскем жасымнан.

Драмалық шығырмаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

Дұрыс! Қате!

Пунктуация ережесі бойынша драмалық шығырмаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылады. Мысалы: Т е м і р. Еһ, тентек қарындасым! (Ә.Әбішев).

Қай жерде сызықша қойылмайды?

Дұрыс! Қате!

"Махаббатсыз дүние бос" нұсқасынан өзге сөйлемдердердің барлығында бастауыш пен баяндауыш зат есім болғандықтан, сызықша қойылады.

Қай сөйлемде үтір қойылмайды?

Дұрыс! Қате!

"Әлгі таудың етегінде жеті-сегіз үйлі ауыл отыр екен" сөйлемінен басқа нұсқаларда үтір қойылады.

Дефис қойылмайтын тіркесті табыңыз

Дұрыс! Қате!

Сан есім рим цифрларымен берілсе, дефис қойылмайды.

Тырнақшаны қажет етпейтін жауапты таңдаңыз:

Дұрыс! Қате!

Телеграф агенттіктерінің аттары тырнақшаға алынбайды: Ассошиэтед Пресс агенттігі, МЕН агенттігі.

Қажет тыныс белгісін таңдаңыз: Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе денесі зілдей ауыр екен.

Дұрыс! Қате!

Сұраулы сөйлемдерді жинақтап тұратын "әйтеуір" деген сөз түсіп қалған жерге сызықша қойылады.

Үтір қойылатын сөйлемді табыңыз:

Дұрыс! Қате!

"Жақын жерде, көгалды бұлақ басында, қозы-лақтар ойнап жүр". Мұндағы "көгалды бұлақ басында" тіркесі - оңашаланған айқындауыш. Емле бойынша олар үтірмен бөлінеді.

Қажет тыныс белігерін таңдаңыз: Қазақ халқында Ұлық болсаң кішік бол деген нақыл бар дегенді жиі айтатын ол

Дұрыс! Қате!

Қазақ халқында "Ұлық болсаң, кішік бол" деген нақыл бар, - дегенді жиі айтатын ол.

Тыныс белгілерін сауатты қолданасыз ба?
Тыныс белгілерімен достасуға кеңес береміз. Олар Сізге міндетті түрде көмектеседі!

Жарайсыз! Сауатты екенсіз!

Әлеуметтік желіде бөлісу:

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version