«Қазақ пен корей халқының арасында ұқсастықтар өте көп. Жасы үлкенді сыйлау, үлкендері дастархан басына келмей, кішілері дәм алмайтыны бізде де бар. Сондай-ақ, екі ел халқы да ән-биді жақсы көреді», — дейді Ши Мон Сон.
«Ел Тәуелсіздігі үшін әркез тәубе етемін», — деген ниетін білдірген корей ұлтының өкілі қазақ халқын егемендіктің 25 жылдығы мерейтойымен құттықтады.
«Қазақ тілін Ақтөбедегі тіл дамыту орталығында 7 ай бойы үйрендім. Тілді үйрену үшін ең алдымен ынта, ықылас қажет. Онсыз өзге тілді меңгеру мүмкін емес. Қазақ тілін білуім, тұрып жатқан еліме деген құрметімді білдіреді».
Ши Мон Сон сондай-ақ, қосымша ағылшын, орыс, жапон тілдерін біледі.