Басты бет Жаңалықтар Алматыда үнді фильмі түсіріледі

Алматыда үнді фильмі түсіріледі

Қазақстанда жазда үнділік тарихи атыс-шабыс фильмінің түсірілімі өтеді. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов фильмнің режиссері Раджкумар Сантоши кездесіп, жоспарларымен танысты.

©taldyk.info

Фильм өндірісімен Satoshi production кинокомпаниясы айналысады. Картина түсірілімі шілдеде басталып, Үшқоныр, Қапшағай мен Шарын шатқалында өтеді.

Еске сала кетсек, соңғы жылдары Қазақстанда екі үнді кинотаспасы түсірілген. Олар: «Vaishakham» («Махаббат уақыты») және «Love you family».

Сондай-ақ, Оңтүстік-Қазақстан облысында Митхун Чакрабортидің қатысуымен фильм түсірілетіні жайлы хабарланған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version