Астанада MMA чемпионаты өтеді

Астанада мамырда «ММА апталығы» спорттық шарасы аясында ММА аралас жекпе-жегінен Қазақстанның VI чемпионаты өтеді.

©Inform.kz

8-11 мамыр аралығында ММА спортшылары Қазақстан чемпионы атағы үшін бақ сынасады. Жарыстар 14 салмақ дәрежесінде ерлер мен әйелдер арасында өтеді.

«Қазақстан әлемдік әуесқой ММА-да бес жыл қатарынан алдыңғы орында келеді. Биыл Қазақстанның VI чемпионатына алғаш рет жасөспірімдер қатысады. Біз жасөспірімдер арасында да халықаралық аренада жоғары орындардан көрінуге ниеттіміз», — деді Қазақстан ММА федерациясының бірінші вице-президенті Асылбек Дүйсенов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version