Басты бетЖансейіт Түймебаев...

Жансейіт Түймебаев оқу орындарында жаңа кафедра ашуды ұсынды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі, Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы Олег Честнов және елдік кеңсенің ұлттық үйлестірушісі Салтанат Егеубаевамен кездесті. Басқосуда тараптар облыс халқының денсаулығы және әлеуметтік ахуалын, сондай-ақ халықаралық ұйыммен бірлесе атқарылатын шаруаларды талқылады.

Аймақ басшысы қонақтарға өңірдің экономикалық және әлеуметтік жағдайын таныстырып, халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, оқу орындарында ДДҰ кафедрасын ашуды және достастық орталығын ашуды ұсынды.

Өз кезегінде Честнов та бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін айта келе, арнайы меморандум жасауды ұсынды.

ДереккөзBnews.kz