Аталған орталық мемлекеттік органдар және компаниялармен біріге отырып, әртүрлі санаттағы мүгедектерді психологиялық даярлау және ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу қызметтерін жүргізеді.
Инклюзивті жобалау орталығы «ELAMAN» әлеуметтік инновациялық жобалар қоғамдық қорының» төрағасы мен қоғам белсендісі Алмас Ержанның бастамасымен құрылды. Оның айтуынша, бұл — ұзақ мерзімді жоба.
«Бізде көптеген жоспарлар бар. Атап айтқанда, сапаршыларды даярлайтын курстар ұйымдастырамыз, қолжетімді ортадағы волонтерлерді дайындаймыз, әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысқысы келетіндерге тәжірибеден өтуде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін заңгерлік кеңестер береміз», — деді ол.