Басты бет17 сәуірге...

17 сәуірге арналған ауа райының болжамы

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының бірқатар аудандарында найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты жел соғып, найзағай жарқылдайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдін екпіні 23-28 м/с, кей жерінде тұман болады.