Басты бетЖаңалықтарҚазақстандағы жаңа...

Қазақстандағы жаңа кинотеатрлар төменгі қабатқа салынуы мүмкін

«Оны іске асыру үшін құрылыс саласындағы ережелер мен нормаларға өзгеріс енгізу керек. Президенттің нақты тапсырмасы бар. Енді, соның бәрін жасау қажет. Аталған мәселе құрылыс істері жөніндегі комитеттің (ҚР Инвестициялық және министрлігінің құрлыс және тұрғын үй шаруашылық істері жөніндегі комитеті — авт.) құзыретіне жатады. Нақты міндет бар. Соны орындайтын боламыз. Дегенмен, дәл қазір барлық сауда орталықтарының үстіңгі қабатындағы кинотетар мен ойын-сауық алаңдарын төменге түсіруге міндеттейміз деген сөз емес. Бұл талап жаңадан салынатын нысандарға қойылады», — деді Ю.Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі сауда нысандарына жүргізілген тексерістердің алдын ала нәтижесін жариялады. 500-ге жуық нысанның тек 6-уы ғана өрт қауіпсіздігіне толығымен сай болып шықты.

«Әрине, бұл — өкінішті жағдай. Жаратушы бізді үлкен трагедиядан аман алып қалды деуге болады. Әйтпесе, ол сауда орталықтарында адам шығыны болатын еді», — дейді Ю.Ильин.

Дереккөзkazinform.kz