«Қосарланған азаматтық та маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Конституцияда Қазақстан азаматтары өзге мемлекеттің азаматы болып мойындалмайды делінген. Дегенмен, республика азаматтарының біздің еліміздің азаматтығынан шықпастан шетел азаматтығын алу жиі кездесіп жатады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2017 жылы қосарланған азаматтық үшін шамамен 600 адам жазаға тартылды», — деді Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, біздің азаматтарымыздың өзге елдің азаматтығын алуы мәселесі бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдерімен тұрақты байланыс орнату қажет.
«Қазақстан азаматтығына қабылдау, сонымен қатар жеңілдетілген тәртіппен оны алу барысында шетелдік азаматтықтан шыққандығын дәлелдейтін құжаттарды ұсыну талаптарын бекіту туралы мәселені қарастыру талап етіледі. Айта кетейін, 2017 жылы біздің еліміздің азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен 30 мыңнан астам адам алды», — деді Мәжіліс депутаты.