Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі: «Митинг белсенділеріне қатысты ешқандай іс қозғалған жоқ»

— Рұқсат етілмеген митинг өткізу фактісі туралы ешқандай әкімшілік өндірістер де, қылмыстық істер де қозғалған жоқ, — деді Г.Мұхтарова. – Азамат Боқаевқа, Аянға және басқа митингке қатысушыларға қатысты Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты немесе алауыздықты қоздыру» бабы бойынша іс тіркеліпті деп кейбір республикалық БАҚ-тар хабарлаған ақпарат шындыққа сай келмейді.

Естеріңізге салсақ, 24 сәуірде Атырауда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ ҚР Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы рұқсат етілмеген митингке қатысушыларға олардың бірде біреуін билік қудаламайды деп уәде берген болатын.

P.S. Қала прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВ та редакциямызға осы сұраққа қатысты түсінік берді.Оның айтуынша, «нақты тұлғаларға», яғни, сегіз белсендіге қатысты ешқандай іс жүргізіліп жатқан жоқ екен. Олардың қатарында бізге тек қоғам белсенділері Макс БОҚАЕВ пенТалғат АЯННЫҢ ғана есімдері белгілі. – Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілетін қылмыс бұзушылық белгісі бар кез-келген факт, кез-келген құқықбұзушылық дереу Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне (СТБТ – орталықтандырылған дерекқор) тіркеледі. Сіздер атаған тұлғаларға қатысты мұндай тергеу ісі тіркелген жоқ және тиісінше басталған жоқ, — деді қала прокуроры.

Азамат МАЙТАНОВ

ДереккөзАқ Жайық