«Құрметті достар! Қаламызда экологиялық айлық басталды. Бұл шара елордамыздың ажарын ашуға, оны көркейтуге бағытталған. Барлық қалалық қызметтер белсенді түрде көшелерді тазалап, өзіне қарасты төңіректі көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде», делінген жазбада.
«Астана – таза әрі қауіпсіз қала» акциясының аясында сенбілікке көше бойларында орналасқан кафелер, дүкендер мен өзге де мекемелер қатысады.
«Бұл игі шараға барлық қала тұрғындарын да қатысуға шақырамыз. Сенбіліктер 21 сәуір мен 12 мамыр аралығында «Астана — таза және қауіпсіз қала» акциясы аясында өтеді. Тазалық жұмыстарына қатысты керек-жарақтар сол жерде беріледі. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, іске кірісейік!», — деді Әсет Исекешев.
Астана әкімдігінің мәліметі бойынша сенбілікке 100 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланған, 1000 астам мекеме мен кәсіпорын, 49 жоғары және орта арнаулы оқу орны, 184 мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекеме, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 152 мемлекеттік мекеме, ведомства мен ұлттық компаниялар. Сонымен бірге, 560 техника тартылатын болады. Қатысушылар күрек, тырма, қолғап, қоқыс салатын қапшық сияқты құралдармен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар Астана әкімдігі «ЕСО Астана айлығы» жобасын іске қосты, онда 4 бағыт бар: «Біз достың пен таза аула үшін!», «ЕСО university», «ECO college» және «ECO school». Жоба – қала экологиясын жақсартуға және өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді позициясы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруға шақырады.