Алматыдан 183 км қашықтықта жер сілкінді

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 13 сағат 23 минут 52 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінді

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 183 км қашықтықта, Қазақстан аумағында болды. Энергетикалық санаты – 11.7. MPV магнитудасы – 5.5. Ошағы 20 км тереңдікте орналасқан. Жаңалық кентінде 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді», – делінген хабарламада.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!