Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күтіп-бағу — бала денсаулығының басты кепілі.

Сәбидің тамағы

Нәресте үшін ең пайдалы және маңызды  тағам — ана сүті. Оның құрамында бала организміне қажетті заттардың бәрі бар. Сондықтан емшек сүті сәбидің дұрыс өсуін қамтамасыз етеді және оны жұқпалы аурулардан қорғайды. Ана сүті баланың дұрыс өсіп-жетілуіне көмектесетін аса маңызды қоректік зат.

Бөлмесі

Ана мен жаңа туған нәресте перзентханадан келгенге дейін, олар үшін ең жарық бөлмені дайындап, бөлмені жуып, тазалау қажет. Үйдегі шаң-тозаңда сәбиге үлкен қауіп төндіретін микроп көп болады. Ал таза ауа балаға оның өкпесінде ауа айналымы дұрыс жүруі үшін қажет.

Кіндік күтімі

«Кіндігі түспей тұрып нәрестені таза сумен шомыл­дыруға болмайды» деген жаңсақ пікір бар. Себебі сәбиді жуындыруға болады. Тек кіндікке қол тигізбестен бұрын қолы­ңызды жақ­сылап жуып, таза ұстауыңыз қажет. Қайнап, суыған суға малынған таза мақтамен кіндікті күн сайын тазартып болған соң, міндетті түрде кіндікті құр­ғақ ұстау керек. Сәбидің кіндігі 3  – 7 күннен кейін қарайып, өзінен-өзі түсіп қалады. Кіндікбаудың қалдығы кірленіп кетпеуі және ертерек кебуі үшін күніне 2 рет жасыл дәрімен тазартып отыру қажет.

Шомылдыру

Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын (35—36°) су дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка, тұз, ромашка сынды заттар қосады. Баланы суда 5—7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің терісі базданып кетпес үшін мойнына, қолтығына, шатына өсімдік майын жағады.

Үлкен дәрет

Баланың алғашқы дәреті (тоңғақ яки меконий) қара түсті. Баланың сүт емуі жүйеге түскен соң, үлкен дәрет қара түстен қошқыл жасылға, сосын анасының жеген тамағына байланысты сарғыш не қоңыр түске өзгереді. Үлкен дәреттің жиілігі де әр түрлі бо­лады. Кейбір нәрестелер емген сайын жаялығын бүлдірсе, басқа­лары 2–3 күнде бір рет бүлдіреді. Мұндай айырмашылық әр нәрестенің ас қорыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне бай­ла­нысты.

Іштің кебуі

Көптеген нәрестелер іштері кеуіп жылайды. Мұның бір себебі нәрестенің ас қорыту жүйесінің даму ерек­ше­лі­гінде. Басқа да себептері мыналар болуы мүмкін:

  • Ананың жеген тамағының әсері.
  • Құшырлана емгенде нәрестенің асқазанына ауаның көп өтіп кетуі.

Киімі

Сәбидің киімін жууда шектен тыс кірпияз болудың қажеті жоқ. Нәрестенің киімі мен жаялықтарын кір машинасына салып, балалар ұнтағымен жуып көріңіз. Ешқандай аллергия белгілері байқалмаса, солай жуа беріңіз. Тек қана қолмен немесе балалар сабынымен жуу — артық жұмыс. Бірақ сәбидің терісі өте нәзік болатындықтан, киімдерінің іші-сыртын міндетті түрде үтіктеу керек.

Сәби неге жылайды?

Бала аштықтан ғана емес, асты суланса немесе қатты құндақталып, денесіне жаялық батса, іші ауырса жылауы мүмкін. Сәбидің ішін жылы ұстау керек. Тіпті анда-санда құйрық маймен майлап қойған да дұрыс. Сонымен қатар, санын аздап әрі абайлап ақы­рын шеңберлете қимылдатсаңыз, оның ас қоры­туына көмек­тесе аласыз. Себебі соның нәти­жесінде қорытылып жат­қан ас пен ішектегі газ ас қоры­ту жүйесі бойын­ша әрі қарай жыл­жиды. Бір сөзбен айтқанда, баланы жылаған сайын емізудің немесе әлдилеп жұбатудын қажеті жоқ, ең алдымен оның себебін анықтап, мазасын кетірмеу жағын ойластырған жөн.

Нәрестені денесінің жоғарғы жағынан ғана ұстауға болмайды. Бұл жұлын омырт­қасының зақымдануына әрі тыныс алуы мен ас қорытуының шекте­луіне әкеп соға алады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!