Басты бет Жаңалықтар Әзірбайжан президент сайлауында Ильхам Әлиев жеңіске жетті

Әзірбайжан президент сайлауында Ильхам Әлиев жеңіске жетті

Әзірбайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов сайлау қорытындысын мәлімдеді.

Ильхам Әлиев. Фото: Minval.az
Сайлаушылардың 86,09 пайызы Ильхам Алиевке дауыс берген. Бұл 2013 жылы өткен сайлаудағы көрсеткішке қарағанда 1,5 пайызға көп.

Мазахир Панаховтың айтуынша, сайлау республиканың 125 сайлау округінде өткен. Әзербайжандағы BBC қызметі кейбір учаскелерде бақылаушылар болмағанын және көптеген бюллетен жәшікке бірден салынғаны камераға түсіп қалғаны туралы хабарлады.

Орталық сайлау комииссиясының төрағасы бұл ақпаратты теріске шығарып, жалған ақпарат екенін айтты.

Айта кетейік, Ильхам Алиев бұған дейін президент сайлауында 2003 жылы, 2008 жылы және 2013 жылы үш рет жеңіске жеткен. Ел басқарған 15 жыл ішінде ол бірінші рет жеті жылға мемлекет басшысы болып сайланды. 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version