11 сәуірдегі KASE күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, ұлттық валюта курсы долларына 331,15 теңге болған.
Бүгін, 12 сәуірде Астана уақытымен сағат 9.30-дағы жағдай бойынша долларды 328 теңгеге сатып, 331 теңгеге сатып алуға болады.
Айта кетейік, соңғы күндері доллар бағамының күрт көтерілуіне байланысты еліміздегі ауырбастау пункттерінде сауда әдеттегіден артты. Осыған қатысты Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтарға «асығыс шешім қабылдамауға» кеңес берген болатын.