Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін — Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні

© 24.kz

Бұл мереке Қазақстан үшін де ерекше. Юрий Гагарин қазақ жерінен ғарышқа ұшты. «Байқоңыр» ғарышқа алдымен кеңестік, кейіннен ресейлік және шетелдік ғарышкерлер аттанған басты ғарыш айлағы болды.

Бүгінде қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов тәуелсіз еліміздің ғарыш кеңістігін бағындыруда жаңа өмір парағын ашты.

Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннес рекордтар кітабына енді: оған дейін бір ұшырылым барысында ашық космоста бір тәуліктен астам уақыт ешкім болып көрмеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version