Басты бет Жаңалықтар Бүгін — Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні

Бүгін — Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні

Осыдан 57 жыл бұрын, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат баласы алғаш рет қазақ жерінен ғарышқа аттанды. 

© 24.kz

Бұл мереке Қазақстан үшін де ерекше. Юрий Гагарин қазақ жерінен ғарышқа ұшты. «Байқоңыр» ғарышқа алдымен кеңестік, кейіннен ресейлік және шетелдік ғарышкерлер аттанған басты ғарыш айлағы болды.

Бүгінде қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов тәуелсіз еліміздің ғарыш кеңістігін бағындыруда жаңа өмір парағын ашты.

Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннес рекордтар кітабына енді: оған дейін бір ұшырылым барысында ашық космоста бір тәуліктен астам уақыт ешкім болып көрмеген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version