Солардың ішінде бөгенайы бөлегі — қаланың қақ ортасында орналасқан «Қызғалдақ» субұрқағы.
Өне бойы шыныдан өрілген «Қызғалдақтың» салмағы 7 тонна. Биіктігі — 10 метр. Қауыз жарған күлтелер бөлігінің диаметрі 7 метрді құрайды.
«Қызғалдақ» су көмкерген бассейннің ортасында орналасқан.
Диаметрі 30 метрді құрайтын бұл бассейінді шіліңгір шілдеде балақайлар шомылу орнына айналдырады.
Тәуелсіздік саябағындағы әсем әуенге елітіп «билейтін» субұрқағы да Шымқаланың адам аяғы үзілмейтін демалыс орыны. Жаз айларында кешкісін құлақ құрышыңызды қандыратын музыка үні, түрлі шырақтармен шағылыса көкке ұмтылған су бұрқақтары бір күндік шаршауыңызды басатыны тағы бар.
Шымкентте жаңадан бой көтерген «Нұрсәт» мөлтек ауданында орналасқан субұрқақ.
Коммуналдық қызметшілер алдағы күндері ауа райының ыстық болатынын алға тартып, 23 субұрқақты қосуды жоспарлауда. Ал субұрқақтарды күтіп-ұстау жұмыстары «Жасыл қала» мекемесіне жүктелген.
Мамандар әрбір фонтанның қосылуынан бастап әрбір ұңғымасының таза болуын қадағалап отырады.
Сала мамандары алдағы уақытта халық көптеп демалатын саябақтардан бөлек аллеяларда субұрқақтардың саны артатынын айтып отыр.