«Қазпошта» дрондары 1,5 тонна хат тасымалдады

«Қазпошта» АҚ Трансформация және IT жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мұқышев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған конференцияда поштаны дронмен жеткізу жобасы өзін ақтап келе жатқанын айтты.

«Қазіргі кезде 10 дрон 4 облыстың аумағында ұшып жүр. Бұл өз кезегінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасымен жүзеге асырып жатқан шаралардың бірі. Атап айтқанда, біз осы жоба аясында жүкті жеткізу уақытын қысқартып отырмыз. Кейбір ауылды жерлерге көлікпен жету қиындық туғызады. Бұл ретте дронмен хат-хабарды оңай бағыттай аламыз», — деді Н. Мұқышев.

Өткен жылдың қыркүйек айында екі келіге дейін жүк көтеретін пошталық дрондар ұшырылған еді. Қазірдің өзінде «Қазпошта» 1,5 тонна болатын хат-хабарды дрон арқылы тасымалдады.

ДереккөзInform.kz