Басты бетАлматы бекетін...

Алматы бекетін айналып өтетін теміржол желісі салынады

Бұл туралы министрлік басшысы Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты. Оның айтуынша, Үлкен Алматы айналма жолымен бірге Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісін салу дайындығы басталған. Қазіргі уақытта жоба техникалық-экономикалық мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

«Мұнымен қатар конкурстық құжаттама әзірленуде. Инвесторды анықтайтын конкурсты өткізу биыл қараша айына жоспарланып отыр. Жалпы теміржол желісін салу құны 96,6 млрд теңге. Ұзақтығы – 74 шақырым. Жоба құрамына тораптық станцияларды салу және реконструкциялау, разъез бен желілердің құрылысы, оларға электр жүйесін тарту кіреді», – деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі.

Дереккөз24.kz