2015 жыл бойынша Қазақстандағы еңбек нарығына жасалған шолу

Жалдамалы еңбек нарығының дамуын негізгі қозғаушы күш – Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істейтін халық саны 113 мың адамға өскен. Бұл бүкіл республика көрсеткіші жылдық өсімінің 73%-ын құрайды.

Қазақстан жұмыс инфографика

Алматы тұрғындары негізінен сауда секторында жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр: қала экономикасындағы жұмысшылардың нақты санының жалпы өсуінің 50%-ы осы салаға тиесілі.

Ал Астанада жалдамалы еңбек нарығының кеңеюіне басты ықпал етіп отырған сала – құрылыс секторы: ол елорда экономикасындағы жұмыспен қамтылған қызметкерлер санының жылдық өсімінің 20%-дан астамын құрайды.

Астананың құрылыс секторы бірінші кезекте ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асырудың арқасында бірден артқан өсім динамикасын көрсетіп отыр. 2011 жылы Астана халықаралық көрме өтетін орын болады деп жарияланған соң елордалық нарықта күрт даму байқала бастады.

Қазіргі уақытта ЭКСПО-2017 Астана құрылыс секторындағы еңбек нарығының жалпы көлемінің 30%-ын құрап, көрме объектілерін салу кезеңінде 8,8 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Бұған қоса ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыру көрме объектілерінің құрылысы үшін материалдар жеткізуді қамтамасыз ететін өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарда 8,0 мыңдай жұмыс орнын сақтап отыр. Салыстыру үшін айта кететін болсақ, 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2015 жылы бүкіл республика бойынша өңдеу өнеркәсібінде 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған болатын.

Жұмыс Алматы Астана

Бас мердігерлік ұйымдар ЭКСПО-2017 объектілерінің құрылысына 254 отандық тауар өндірушіні жұмылдырып, жалпы сомасы 33,703 млрд теңгені құрайтын келісім-шарттар бекіткен. Оның ішінде Астана қаласы бойынша (196 кәсіпорын) 21,6 млрд теңгеге, СҚО бойынша (1 кәсіпорын) 1,1 млрд теңгеге, Қарағанды облысы бойынша (20 кәсіпорын) 8,3 млрд теңгеге, Павлодар облысы бойынша (4 кәсіпорын) 0,7 млрд теңгеге, ОҚО бойынша (2 кәсіпорын) 0,02 млрд теңгеге, ШҚО бойынша (1 кәсіпорын) 0,1 млрд теңгеге, Ақмола облысы бойынша (13 кәсіпорын) 0,45 млрд теңгеге, Алматы қаласы бойынша (12 кәсіпорын) 1,3 млрд теңгеге, Алматы облысы бойынша (3 кәсіпорын) 0,2 млрд теңгеге, Жамбыл облысы бойынша (2 кәсіпорын) 0,1 млрд теңгеге шарт жасалды.

Бас мердігерлік ұйымдар ЭКСПО-2017 объектілері

Дереккөзranking.kz