Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін барады.
Қызылорда, түнде Алматы облысының бірқатар аудандарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей бөліктерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, таң ата және күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамықпен ұйтқиды.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде 1 радус үсік жүреді.