Әлеуметтік желілердің ішінде жарнамаға көп ақша жұмсалмайтын әрі өзін-өзі ақтайтын желі ретінде Instagram-ды атасақ болады.

Instagram сауда үшін тиімді ме?

Өніміңіздің тез өту үшін аккаунтың ерекше болуына мән беруіңіз керек. Сондай-ақ, басқа әлеуметтік желілерге қарағанда кеңінен танымал. Сонымен, Instagram саудада не үшін, қай жағынан тиімді?

— Instagram қолданушыларының 50%-ы кем дегенде бір брендтің жаңалықтарын қарап отырады;

— желі қолданушыларының 75%-ы жазбадағы CTA тетігін (әрекетке шақыру) басады;

— бұл әлеуметтік желі басқаларға қарағанда 70%-ға көп конверсия алып келеді;

— көпшілік Facebook-пен салыстырғанда Instagram-ды 10 есе жоғары пайдаланады.

Қандай пайдалы әдістерді білген жөн?

Instagram-ды миллион доллар табысқа әкелетін пайдалы аккаунт ету үшін төмендегідей «қулықтарды» іске асырсаңыз болады.

Көрнекі сурет
  • қолданушылар кез келген аккаунттан сатып алып немесе тапсырыс беруді қаламайды. Алғашқы әсер де рөл ойнайтыны белгілі. Егер профиль қызықсыз болса, олар ары қарай өтіп кетуі ықтимал.
  • жарқын түстермен безендіру арқылы тұтынушылар санын арттыруға болады. ShopMatina сияқты смайликтер қолданыңыз, жеңілдіктер ұсыныңыз, тегін жеткізіңіз және басқа да артықшыларды пайдаланыңыз:
  • профильге өніміңіздің парақшасының сілтемесін, әрекетке шақыратын лэндингтер жариялаңыз. Акциялар мен жаппай сатылым өткізген кезде оны жаңартып отыруды ұмытпаңыз.
  • хэштег арқылы профильдегі өніміңізді тез тауып алатындай жағдай жасаған дұрыс. Оның атауы да қарапайым әрі тез жатталатын болғаны жөн;
  • әр қосылған аккаунттыы бақылап, сұрақтар мен пікірлеріне жауап беру пайдасын тигізеді.

Жиі жіберетін қателіктерді білесіз бе?

Профиль әрдайым жаңарып отыру керек. Осы орайда көпшілік жиі жіберетін қателіктерді айта кетейік:

Көрнекі сурет

-сатуға итермелейтін жазбалар жарияламау. Негізі дәл осы нәрсе әрекетке шақырады. Өніміңіздің суретін жариялап, оны не үшін сатып алуға болатынын жазып қойыңыз. Маңызды сәт – әрбір промо-жазбада профилидегі сілтеме туралы еске салып отырыңыз. Мысалы, «Әдемі және сапалы орамалдардың барлық түсін профильдегі сілтемеден қараңыз».

-тек сататын жазбаларды жариялау. Ылғи сатылымдағы киімдерден де жазылушылар жалығады. Олар басқа контентті де қалайды. Мәселен, бренд туралы қызықты оқиға, сурет немесе видеоматериал жариялауға болады. Бастысы аудиторияны қызықтыратын кез келген дүние салған дұрыс.

Қосымша қандай әдістер бизнес-аккаунт үшін пайдалы?

Клиенттерді сыртынан бақылап отыратын аккаунттармен «дос болу» аудиторияны тез көбейтуге мүмкіндік береді. Сондай аккаунттарды тауып, солармен тығыз жұмыс істеңіз:

instagram
Көрнекі сурет
  • S4S (support for support, «сен – маған, мен – саған») – Instagram-ның белсенді қолданушылары пайдаланатын өзара пиар жасау әдісі.
  • рефералға сіздің жарнамаңызды өз аккаунтында жариялағаны үшін төлем жасау (бұл әдетте 100 доллардан аспайды).
  • сапалы суреттер туралы ұмытпаңыз – аталмыш әлеуметтік желіні тек қана мәнді мәтінмен «бағындыру» мүмкін емес.

Instagram желісі сауда үшін ыңғайлы. Тек өніміңіздің суретін «әдемі» әрі «өтімді» етіп беру керек. Бизнес-аккаунт кезінде хэштег пен сілтемені беру жеткіліксіз. Аудиториямен жұмыс жасау арқылы да біраз жазылушы жинауға болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!