Басты бет Жаңалықтар Головкин: «Канело» — ешкім емес. «Канелоны» ұмытыңыздар

Головкин: «Канело» — ешкім емес. «Канелоны» ұмытыңыздар

Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварес 5 мамырға жоспарланған кездесуден бас тартқаннан кейін БАҚ алдында тұңғыш рет сұхбат берді.

Фото: Prosports.kz

Бұл туралы TalkSport.com спорт сайтының редакторы Майкл Бенсон Twitter желісінде былай деп жазды: «Головкин» «Канело» реванштан бас тартқаннан кейін БАҚ алдында тұңғыш рет сөйледі: «Өтінемін, «Канелоны» ұмытыңыздар. «Канело» — ешкім емес».

Еске салайық, 4 сәуірге қараған түні баспасөз мәслихаты өтіп, онда Сауль «Канело» Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы мексикалықтың ресми түрде бас тартуына байланысты 5 мамырға белгіленген жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеген еді.

Алайда Головкин 5 мамырда әйтеуір кездесу өткізетінін айтқан болатын. Қазіргі уақытта кездесудің Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтетіні белгілі. Алайда қарсыласы белгісіз қалып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version