Басты бет Жаңалықтар YouTube қауіпсіздік шараларын күшейтті

YouTube қауіпсіздік шараларын күшейтті

YouTube-тің штаб-пәтерінде болған атыстан кейін компания барлық кеңсесіндегі қауіпсіздікті күшейтуді ұйғарды. Бұл туралы Google компаниясы Twitter аккаунтында жария етті.

©Көрнекі фото

Естеріңізге сала кетейік, 39 жастағы Насим Агдам есімді әйел сейсенбіде YouTube ғимаратында оқ атып, 3 адам жарақаттанды. Қаскөй оқиға орнында көз жұмды. Ол ғимаратқа басып кіріп, маңайдағыларға оқ жаудырған. Артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ ғимараттағылардың барлығын шығарып, тексеру жүргізді. Жергілікті арналардың хабарлауынша, қаскөйдің бұл қадамға баруына нақты не түрткі болғаны анықталған жоқ.

Бірақ ол Youtube оның видеоларына шектеу қойып, қаражат табуға кедергі келдірді деп шағымданған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version