1. Салыстыру

Біз бала күнімізден басқалармен бәсекелесіп, салыстырып өсеміз. Әсіресе, ойыншықтарымызды, ата-анамызды, жеген тамақтарымызды айтып мақтанамыз. Өзгенің затымен өзіміздікін салыстырамыз. Алайда, барлық адамдардан жоғары болуымыз мүмкін емес. Сол себепті, өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды мойындап үйренгеніңіз дұрыс. Осал жеріңізді дамытып, қарсыласыңыздың артықшылығын бағалаңыз.

2. Өткен сәтсіздік

Бұрынғы жеңіліс пен сәтсіздікті жеңу үшін үлкен батылдық қажет. Кедергілерге қарамастан, жаңа биіктерді жаулап алуға тырысу керек. Жеңіске деген сенім сәтсіздікке тосқауыл бола алады. Бастысы іштей мықты болу.

3. Дайын болмау

Жеңімпаз ретінде өмір сүру үшін жеңімпаз ретінде ойлану керек. Сіз жұмыс істеуге дайынсыз ба? Қандай жағдайда да нәтиже үшін соңына дейін күресуге келісесіз бе? Егер иә болса, бүгіннен бастап жұмысқа кірісіңіз. Жаңа жұмыспен жаңа тәжірбиелер келері анық. Тек бәріне дайын болыңыз!

4. Қорқыныш

Қалаған нәрсеге қол жеткізуге кедергі келтіретін ең үлкен нәрсе — қорқыныш. Шын мәнінде, өзгелердің пікіріне құлақ түрмеуге тырысу керек. Әйтпесе, елдің сөзі ешқашан да бітпейді. Нені дұрыс деп ойласаңыз, соны істеңіз. Ол сізге жеңіс әкелмесе де, тәжірбие жинақтауға көмектесуі мүмкін. Қорқынышты тек сенім ғана жеңе алады.

5. Негативті ойлау

Сізде кез келген жағдайда мыңдаған мүмкіндік бар екенін ұмытпаңыз. Сізді тұңғиыққа жетелейтін, үміт отын сөндіретін сезімдер мен ойлардан бас тартыңыз. Өзіңізді конструктивті түрде ойлауға үйретіңіз, себебі бұл сіздің қазіргі көңіл-күйіңізге ғана емес, болашағыңызға да әсер етеді. Сіз қалаған нәрсеңізге қол жеткізу үшін жеткілікті күшті, ақылды және еңбекқорсыз. Тек өзіңізге күмәндануға жол бермеңіз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!