Басты бет Жаңалықтар Зейнетке шығу уақыты жақындағандарды жұмыс беруші мазаламайды — жаңа заң

Зейнетке шығу уақыты жақындағандарды жұмыс беруші мазаламайды — жаңа заң

Жұмыспен қамту мәселелеріне арналған жаңа заң жобасы бойынша зейнеткерлікке жақындап қалған, бірақ әлі шықпаған жұмысшыны мазалауға тыйым салынып отыр.

Фото: Аbctv.kz

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтың айтуынша, бүгінде қызметкер зейнет жасына толмаса да жұмыс беруші оған зейнетке толғанда келісімшартты бұзатыны туралы ескерту xаттарын жіберіп жатады.

«Осы мәселеге қатысты дау-дамайлар жиі болады. Себебі жұмыс беруші зейнет жасқа жақындап қалған қызметкерді түрткілеп, уақыттан бұрын мазасын алып жатады. Біздіңше, олай болған дұрыс емес. Этика жағынан да адамды қайта-қайта мазалап отырған орынсыз. Қызметкер зейнет жасына келгенде ескерту xаттарын жіберуге болады. Осыған байланысты тиісті заң жобасына өзгерістер енгізіліп отыр», — деді Н.Әлтаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, «Халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Сенаттың талқылауынан өтті. Аталған құжат Президенттің қол қоюына жіберілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version