Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев пен Алматы қаласындағы «Транстелеком» АҚ атқарушы директоры Шыңғысхан Нысанбаев арасында құжатқа қол қою рәсімі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясында өтті.
Меморандумның басты мақсаты — аталған мекеме және қалалық әкімдік арасында өзара іс-қимыл жоспарын құру және IТ-жобаларын жүзеге асыруда сапалы, тиімділік пен ашықтық негізінде бірлескен және келісілген іс-шараларды іске асыру.
«Меморандумға қол қою Талдықорған әкімдігі мен «Транстелеком» АҚ жергілікті атқарушы орган арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болып табылады. Бұл еліміздің инновациялық құрамдас бөлігі. Өз кезегінде Қазақстанның техникалық жаңғыртуына және жалпы жаңғыртылуына жәрдемдесуі тиіс», — деді Шыңғысхан Нысанбаев.
Жобаға Сингапур, Қытай, Украина, Оңтүстік Корея, Чехия және басқа елдерден келген IT-компаниялары қатысты.
«Сіздермен келіссөздер барысында келіскен жобалар өз күшінде қалып қоймай, бүгінгі қол қойылған меморандум аясында жүзеге асатын болады. Екіжақты келісім Талдықорған үшін жақсы серпін беретініне сенімім зор», — деді қала әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы.