ШҚО оқушылары сыртқы білім сынағынан босатылады

Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов ШҚО оқушылары білім сапасын тексеретін сыртқы бақылаудан босатылатынын айтты.

Асхат Аймағамбетов. Фото: Primeminister.kz

Оқушыларды бақылау сынақтарынан босатуға облыстың кей жерлері су құрсауында қалғаны себеп.

Айта кету керек, білім деңгейін бақылайтын сынақ 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Оны мектеп қабарғасындағы 4, 9 және 11 сынып оқушылары тапсырады.

«Шығыс Қазақстан облысындағы күрделі жағдайға байланысты оқушыларды білім сапасын тексеретін сынақтардан босатуды ұйғардық. Өңірдегі жағдайға байланысты сынақ тапсыру мүмкін емес. Биыл бақылау жұмыстары 9 сәуірден басталатынын айта кету керек», -деді Асхат Аймағамбетов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version