Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтар мамырда...

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Атап айтқанда, сәуірдің соңында ел халқы бір сенбісін жұмысқа арнайды. Демек, 28 сәуір — жұмыс күні. Ал оның орнына дүйсенбі күні — 30 сәуірде демалады.

Сәуірдің соңы мен мамырдың басы 3 күн қатарынан демалыс, 29 сәуірден бастап, 1 мамыр қоса есептеліп отыр.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде де осылай. Сенбіге келген 5 мамырда адамдар жұмысқа шығып, есесіне 4 күн қатарынан демалады. Яғни 6 мамырдан бастап 9 мамырды қоса есептегенде демалыс күндері болып есептеледі.

Осылайша, жалпы есепте, мамыр айында 11 күн демалыс болады.

ДереккөзKazinform.kz