Енді тұрғылықты жер бойынша онлайн тіркелуге болады

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды. Бұрын ол үшін 10% АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын.

Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында электрондық-цифрлық қолтаңбасын енгізіп, тіркеу туралы өтініш бере алады. Деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады.

ДереккөзSputniknews.kz