Басты бет Қоғам Шығыс Қазақстандағы су тасқынымен күреске 2 млрд теңге бөлінеді

Шығыс Қазақстандағы су тасқынымен күреске 2 млрд теңге бөлінеді

ҚР Үкіметі Шығыс Қазақстан облысында су тасқынымен күрес жұмыстарына 2 млрд теңге бөледі.

Семейдегі су тасқыны ©Inform.kz

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке су тасқынымен күреске қосымша қаражат бөлінетінін айтты. Ол үшін Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Маминге тапсырма берді.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы Аягөз, Глубокое, Зырян, Шемонаиха мен Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Су басқан жерлерді тазарту үшін 570 құрал-жабдық, 3107 адам тартылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version