Кедендік және салықтық басқарудың электронды жүйесі іске қосылды

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, «Астана-1» жүйесі барлық кедендік шараны қамтып, мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық деректер базасымен біріктірілген. Сонымен бірге елдегі басқа мемлекеттік органдарымен өзара ақпарат алмастыруға мүмкіндік береді. Ол арқылы сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылар бастапқы ақпарат беруден бастап, тауардың шығарылуын қадағалауға дейін кез келген операцияны іске асыра алады. Бүкіл кедендік процесті автоматты түрде бақылауға да мүмкіндік бар.

Жүйені пайдалану тегін. Барлық кедендік операция интернетте жүзеге асады.

ДереккөзSputniknews.kz