Сауалнама: Елімізде өрт қауіпсіздігі шараларының сақталатынына сенесіз бе?

25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйінен өрт шықты. Күндіз басталған өрт 26 наурыз күні таңертең сөндірілген. Ресми дерек бойынша, 64 адам қаза тапты. Оның 41-і бала еді.

Қайғылы оқиғадан кейін, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Кемерово облысындағы оқиғадан кейін Қазақстан белсенділері сауда ойын-сауық кешендеріндегі өрт қауіпсіздігін күшейтуді талап ете бастады.

Бас прокуратура жарлығымен 2 сәуірден бастап еліміздегі барлық сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі шараларының сақталу деңгейіне тексеріс басталды. Үш айға созылатын тексеру кезінде аумағы 1,5 мың шаршы метр және одан үлкен 1151 нысан қамтылмақ.

Талап бойынша сауда нысандарынан басқа мектепке дейінгі тәрбие мен оқуды жүзеге асыратын жеке мекемелер, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу орындары да тексеріледі.

[totalpoll id=»55680″]