Басты бетТестТест: Мемлекеттік...

Тест: Мемлекеттік туларды қаншалықты білесіз?

0%

Мына ту қай елге тиесілі?

Дұрыс! Қате!

Солтүстік Еуропа елдерінің мемлекеттік туларындағы крест бренд тәрізді. Алайда олардың кімге тиесілі екенін ажырату оңай емес.

Бұл мемлекеттің астанасы Буэнос-Айрес. Ал мемлекеттік туы қайсы?

Дұрыс! Қате!

Буэнос-Айрес қаласы - Аргентинаның астанасы. Оның туы биіктігі бірдей үш көлденең жолаққа бөлінген. Ортасында "Май күні" бейнелеген.

Бірінің үстіне бірі қойылған екі қызыл үшбұрыштан тұратын, стандартқа сай емес ту қай елдікі?

Дұрыс! Қате!

Әдетте мемлекеттік тулар тікбұрышты пішінде болады. Дегенмен вексиллология қағидаларына бағынбайтын да ту бар. Бұл айрықша рәміз Непалға тиесілі.

Суреттегі ту қай елге тиесілі?

Дұрыс! Қате!

Бұл - Францияның мемлекеттік туы. Түстер мағынасына байланысты әртүрлі нұсқа бар. Соның бірі мынадай: көк түс бостандықты, ақ түс теңдікті, ал қызыл түс бауырластықты білдіреді

Чех Республикасының туын табыңыз:

Дұрыс! Қате!

Чех Республикасының туы ХV ғасырдан бері 10 рет өзгерген. Қазіргі нұсқасы 1993 жылы қабылданған.

Суретте қай мемлекеттің туы көрсетілген?

Дұрыс! Қате!

Бұл - жеке Конституциясы жоқ Ұлыбританияның туы.

Бұл қай елдің туы?

Дұрыс! Қате!

Бұл - Қытай Халық Республикасының мемлекеттік туы. Қытайлар үшін қызыл түс - коммунизмнің белгісі. Ал алып жұлдыз және оны жағалай қоршаған жұлдыздар коммунистер партиясының біріккен белгісі.

Бұл ту қай Кореяға тиесілі?

Дұрыс! Қате!

Корей түбегінде екі мемлекет бар: бірі - Солтүстік Корея немесе Корей Халықтық-Демократиялық Республикасы, екіншісі - Оңтүстік Kорея. Екi елдің халқы да, діні де, мәдениеті де, салт-дәстүрі де бір.

Қай мемлекеттің туында үйеңкі жапырағы бейнеленген?

Дұрыс! Қате!

Қызыл жапырақты үйеңкі Канада мемлекетінің туы мен елтаңбасында бейнеленген. Қызыл түс өмірдің белгісін білдіреді. Канаданың ордендерінде де үйеңкінің суреті бар.

Бұл қай елдің туы?

Дұрыс! Қате!

Ені бірдей, вертикаль орналасқан үш жолақты ту Италия мемлекетіне тиесілі. Дәл осындай түстер Венгрия елінің де байрағында бар, алайда оның жолақтары горизонталь орналасқан.

Израиль мемлекетінің туы қайсы?

Дұрыс! Қате!

«Давид қалқаны» немесе «Давид жұлдызы» деп аталатын гексаграммасы бар байрақ Израиль мемлекетіне тиесілі.

Австралияның туы қайсы?

Дұрыс! Қате!

Австралия мен Жаңа Зеландияның туын жиі шатастырып жатады. Мемлекеттің кодынан да жаңылысатындар аз емес. Ол Австрия елінікіне ұқсас (AUT және AUS).

Тест: Мемлекеттік туларды қаншалықты білесіз?
География Сіздің сүйікті пәніңіз болмаған тәрізді.

География пәні Сізден алыс болмаған тәрізді. Жарайсыз!

Жарайсыз! Ақылды екенсіз!

Әлеуметтік желіде бөлісу: