Басты бетЖаңалықтарЕртіс өзеніндегі...

Ертіс өзеніндегі жағдай тұрақталып келеді

2 сәуірдегі жағдайға сәйкес, Ертістегі су деңгейі 241 метр 18 сантиметрді құрайды. Қазір Ертістегі және Шүлбі су қоймасындағы су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізілуде.

«Енді үлкен мөлшерде суды ағызу жоспарланбайды, сондықтан әзірге алаңдауға себеп жоқ», — деді қалалық Азаматтық қорғаныс жедел-штабының ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев.

Қазір қалада Төтенше жағдайлар және қалалық коммуналды қызметтердің көмегімен Мирный ауданы мен Бобровка кентіндегі жеке учаскелерде суды тарту жұмыстары жалғасуда. Тұтастай алғанда, 100 мың текше метрден аса су сорылған екен. Айта кетейік, әлі 20-ға жуық  аула қызыл судың астында қалып отыр.

Дереккөзinform.kz