Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова әйелдер қауымының Елбасы ұсынған бес әлеуметтік бастама мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру жолындағы елеулі еңбегін атап өтті.
Орталық сайлау комиссиясының өкілдерінің айтуынша, елімізде 739 әйел депутаттық мандатқа ие.
«Орталық сайлау комиссиясы бірінші рет статистикалық сараптама жасады. Бұл сараптамада әйелдер қалай ұсынылады, олар қалай тіркеледі және әртүрлі себептермен тіркеуден алып тастайтын қағидаттар болады. Сараптаманың қорытындысы жалпы елімізде ұсынылған кандидаттардың мысалы 2016 жылғы сайлауда 26,6 пайызы әйелдер болды. Сол сайланған депутаттардың пайызы 22,2 пайызы болды. Бұл өте жоғары көрсеткіш»,- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.