Синоптиктердің ақпаратына қарағанда, демалыс күндері Қазақстандағы ауа райына Каспийдің оңтүстігінен келетін циклонның ықпалы басым болады. Циклонға байланысты оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетеді, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 18-25 метрге жетеді.
Солтүстік және шығыс облыстарда циклонның ығысуына байланысты жауын-шашын болады, көбіне қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, желдің жылдамдығы 18-25 м/с-қа артады.
Қазақстанның батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан антициклон жылжып келеді. Соған байланысты ауа температурасы жоғарылап, күн жауын-шашынсыз болады.