Головкин мем Уэйд жекпе-жегінің алдында соңғы баспасөз мәслихатын өткізді

Кездесу 23 сәуір күні Лос-Анджелестегі «Форум» аренада өтеді. Қазақстандықтар бокс кешін 24 сәуір күні таңғы 7.20-дан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасынан және kaztrk.kz сайтынан тамашалай алады.

Отандасымыз WBA чемпиондық белбеуін осы жолы 16-рет, IBO – 13, WBC (Interim) – 4 және IBF белбеуін алғаш рет қорғайды. Головкин бүгінге дейін кәсіпқой бокста 34 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 31 қарсыласын нокаутпен жеңген. Ал оның қарсыласы Уэйд 18 жекпе-жегінің барлығында қарсыластарынан басым түсіп, 12 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Естеріңізге сала кетсек, Мырзағали Айтжанов Головкиннің қай раундта жеңетінін айтқан болатын.

ДереккөзBnews