29-наурыз күні кешқұрым уақытта Семей қаласы әкімінің нұсқауымен жергілікті аумақ бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Арнайы жұмыс комиссиясы құрылып, аулаларды аралау барысында материалдық шығындарды есептеді.
«Алдын ала болжам бойынша, Семейде Ертістің су деңгейі көтерілуі салдарынан 141 тұрғын үй мен 596 саяжай үйін су басты. 220 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олар уақытша қонақ үйлер мен мектептерге орналастырылды. Оларга психологиялық көмек көрсетілуде», — дейді Иманқұлов.
Кептелу қаупі туындаған кейбір орталықтарда «Восток ВзривПром» ЖШС жергілікті атқарушы органмен бірлесе бірнеше жерде жару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Полковник аралындағы су деңгейі азайып, адамдар үйлеріне орала бастады.
ШҚО ТЖД жедел штабының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта облыс бойынша 33 елді мекенді су басқан. 6 қаланы, атап айтқанда Аягөз, Өскемен, Шемонаиха, Семей қаласында және 12 ауданда су басу жағдайы тіркелген.