Еліміздегі барлық пойыздарға Wi-Fi қондырылмақ

«Қазіргі уақытта «Тұлпар-Тальгоның» бірнеше пойызында, атап айтқанда Алматы-Петропавл және Алматы-Астана бағыттарына Wi-Fi қызметі енгізілді. 2020-2022 жылдары өзге бағыттарға да енгізіледі», — деді Алмас Айтпаев Астанада өткен брифингте.

Басқарма өкілі жиын барысында барлық пойыздарды Wi-fi қызметімен қамту мәселесіне тоқталды.

«2020-2022 жылдарға дейін Қазақстан темір жолы барлық темір жол желісіне Wi-Fi жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, сонда барлық пойыздарда Wi-Fi қолжетімді болады», — деді Алмас Айтпаев.

ДереккөзInform.kz