Қазақстан әлемдік жарнама рейтингі бойынша 4-орын алады

Cheil Kazakhstan BestAds On TV рейтингісіне сәйкес, жұмыстары ең креативті деп танылған, әлемдік деңгейдегі беделді жарнама агенттіктерінің қатарынан табылды. 

Жарнама
Көрнекі сурет

Бұл тізімде қазақстандық агенттік, әлемдік деңгейдегі жарнама бизнесінде айтулы орны бар агенттіктерді ізінде қалдырып, көш ілгері орын алды.

Cheil Kazakhstan Epica Awards, Creativity International Awards, Golden Hammer,
White Square және т. б. халықаралық фестивальдарда елеулі марапаттарға ие болған
бірқатар жарнамалық жұмыстардың арқасында көзге түсті.

Cheil Kazakhstan-ның тұтынушылар мен жұмыс бойынша директоры Дәурен
Жүсіпов: «Біздің агенттік бірнеше рет креативті жарнаманың халықаралық байқауларына Қазақстан атынан қатысып, алдыңғы қатарлы орындарға да ие болып жүрді. Оның құпиясы қарапайым. Еліміздің өзіндік ерекшелігі және өз шындығы
болғанымен,  өз жұмысымызда Қазақстанға да басқаға да маңызды болып келетін
жалпыхалықтық, ортақ тақырыптарға мән берген дұрыс», – деп белгіледі.

Cheil Kazakhstan секілді рейтингтің төртінші орнына, алайда тұтынушылар
қатарына, Samsung Electronics компаниясы белгіленді. Ол – әлем бойынша креативті
идеяларға  және стандарттардан тыс қадамдарға ашық жарнама тұтынушылардың
бірегейі және де қазақстандық агенттіктердің негізгі тұтынушысы.

Түптамыры аустралиялық Campaign Brief-ке тиесілі, креативті жарнама туралы
халықаралық журналмен ұсынылған Bestadsontv.com  порталы  әр апта сайын, әлем
бойынша ең үздік  жарнамалық жұмыстарды, сондай-ақ ТВ- бейнебаяндар, принттер,
радио, сыртқы жарнамаларды таңдап, түрлі кәсіби мамандарға оларды бағалауды
ұсынады.

BestOn TV

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!