Алдағы уақытта ыстық су тарифі төмендегідей өзгереді:
- Жеке су есептегіштері жоқ адамдар:
— Жылыту кезеңінде бір адамға 1 801,53 теңге;
— Жылыту аралық маусымында кезеңінде — 1 489,99 теңге. - Есептегіштері бар адамдар тұтыну фактісіне сай 1 куб/метріне 523,45 теңгеден төлейді.
Жылу үшін төлем жасар кезде, көп қабатты үйдің жертөлесіне орнатылатын жылу энергиясын есептеудің бірыңғай есепке алу құралы бар немесе жоқ екені ескеріледі. Бар болған жағдайда 1 Гкал үшін 6 042,56 теңге, жоқ болса 8 241,95 теңге төлеу қажет болады.
Бұдан бөлек, ескі және жатақхана типтес үйлерге бөлек тариф жүйесі қарастырылды.
«Тариф неліктен көтерілді?» деген сұраққа «жаңа жүйе бесжылдық бағдарламаға (2017–2021 жж.) сай бекітілді» деген жауап алынды. Демек, бұл 2021 жылға дейін болатын соңғы өзгеріс емес.