Басты бет Жаңалықтар Илья Ильин үлкен спортқа оралғанын мәлімдеді

Илья Ильин үлкен спортқа оралғанын мәлімдеді

Ауыр атлет Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралуына қатысты пікір білдірді.

©m-astana.kz

«Қазіргі физикалық формам шамамен 40%-ға осы спортқа сай келеді. Ауыр атлетикамен 10 күн бұрын ғана айналыса бастадым. Дегенмен осыған дейін жүгіріп, суға шомылып, футбол ойнап, спорттық дайындықты назардан тыс қалдырмадым. 32 жасқа дейін ауыр алтетикамен айналысу әуелден жоспарымда болған», — деді Илья Ильин Kazakh TV Youtube-арнасына  берген сұхбатында.

Еске салайық, Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларда «тыйым салынған дәрумендерді қолданды» деген айыппен жарыстардан шеттетілген еді.

IWF хабарлауынша, Қазақстандық спортшыны дисквалификациялау мерзімі 2018 жылдың 19 қазанында аяқталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version