Жеке кәсібімді, яғни квест ойындарын жүргізіп жатқаныма екі жылға жуық уақыт болды. Басында бұл бастаманы бастауыма, дәл осы салада бәсекелісітіктің аздығы себеп болды. Бұл қажеттіліктен туындаған идея болатын. Кейіннен қызығушылығым жылдан-жылға артып, үлкен кәсіпке айнылдыруды мақсат еттім. Негізгі мамандығым–программист. Бірақ бұл сала бойынша жұмыс атқармағаныммен, кәсібіме көмегі тиюде.

Абзал Смайылов,
Абзал Смайылов, © Дарын Шөкенов

Қорқытуды үйрететін арнайы мамандар бар

Кәсіпті қолға алмай тұрып, тәжірибесі бар кәсіпкерлердің көмегіне жүгіндім. Қорқытуды үйрететін арнайы мамандар бар. Олар адамды қорқыту, рөлге кіріп, әртүрлі тәсілдер мен шарттарды орындау арқылы қорқыныш үрейін тудыруды үйретеді. Сол кісілердің көмегіне жүгіну арқылы қорқытудың қыр-сырын түсіндім. Жалпы, квест орталығындағы ойын идеялары арнайы бизнес жоба ұйымдастырушыларымен келісіліп жүзеге асырылады. Бұрындары квест орталығын ашқан және квест «франшизасын» сататын адамдардың ақыл-кеңесіне сүйенеміз. «Франшиза» дегеніміз бизнес идеяны белгілі бір қаржыға сатып алу. Яғни, мен дайын сценарийді және оның ішіне кіретін жұмбақтар мен тапсырмаларды сатып алу арқылы жұмысымды жүргізіп кеттім.

Ішкі дизайн мен қызмет көрсетуге ерекше талғаммен қараймын. Дизайн франшизаның ішіне кіреді, яғни сатып аламыз. Егер де декорация  дұрыс болмаса, келушілерге ойдағыдай эмоция сыйлай алмаймыз.

Абзал Смайылов,
Абзал Смайылов, © Дарын Шөкенов

Негізгі мақсатымыз — қорқынышты әрі қызықты эмоция сыйлау

Квест ойынының ең маңызды элементі — шынайы көрініс. Яғни, ойыншының ақыл-ойын қажет ететін жұмбақтар мен тапсырмаларды шешу арқылы жүзеге асады. Квест ойыны барысында, маңызды дүниенің бірі — ішкі көркемдеуші құралдар. Біз келушілерге екі бағытта қызмет түрін ұсынамыз. Біріншісі, хоррор. Бұл сөздің мағынасы  қорқыныш, үрей тудыру арқылы адамдарға  эмоция сыйлау. Бұған қорқыныш лабиринты Астрал жатады. Уақыты он бес минут. Ереже бойынша, қараңғы, ешнәрсе көрінбейтін жерден фонариксіз, жарықсыз жол тауып шығу керек. Екіншісі, әртүрлі логикалық тапсырмалар мен жұмбақтарды бір сағат ішінде толықтай шешу арқылы қорқыныш бөлмесінен шығу. Негізгі мақсатымыз — келушілерге ерекше батылдық жасау арқылы қорқынышты әрі қызықты эмоция сыйлау.

Бүгінде жастардың квест ойынына деген қызығушылығы артуда. Себебі бұл ойын түрлерінің барлығы компьютерлік ойындар жанры негізінде құрастырылған.

Абзал Смайылов,
Абзал Смайылов, © Дарын Шөкенов

Жұмыс істейтіндердің басым бөлігі студенттер

Бүгінде 10-ға жуық жастарды жұмыспен қамтып отырмын. Жұмысқа алу барысында қандайда бір шарттарға сүйенбейміз және тәжірибесіне қарамаймыз. Командама келетін жастарға негізгі қоятын талабым — дауыс ерекшелігі мен батылдық. Негізі жұмыс істейтіндердің басым бөлігі студенттер. Сондықтан да олармен жұмыс жасау жеңіл әрі тиімді. Жұмыс уақыты сағат 18:00-1:00 аралығында жүреді.

Квесттің бағасы 2800 теңге. Астрал лабиринтінің бағасы 15 минутқа 1800 теңге. Бұл жерге екі адамнан алты адамға дейін ғана кіре алады.

Абзал Смайылов,
Абзал Смайылов, © Дарын Шөкенов

Жауапкершілікті келуші адам өз мойнына алады

Квест ойыны барысында келушілердің қауіпсіздігіне жауап бермейміз. Бірақ келушілерге барлық ережелер мен талаптарды толықтай түсіндіреміз. Бөлмелерге арнайы камералар орнатылған. Егер біз қойған ережелерге қарсы жүріп, жүгірме деген жерде жүгіріп, секірме деген жерден секіретін болса, жауапкершілікті мойнымызға алмаймыз. Себебі біздің қызметімізді пайдаланушылар, квест ойын территориясында денсаулығына зиян келтірмейтіндей мұқият болуы керек. Қандай да бір оқыс оқиға болып қалса, жауапкершілікті келуші адам өз мойнына алады. 

Абзал Смайылов,
Абзал Смайылов, © Дарын Шөкенов

Болашаққа жоспар өте көп. Квест орталықтары шет елде, атап айтқанда АҚШ, Қытай елдерінде өте жақсы дамыған. Сондықтан Қазақстандағы квест орталықтарын дамытқым келеді. «Көз — қорқақ, қол — батыр» демекші, кез келген салада батылдық керек деп айтар едім.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!