Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев педофилдерді химиялық кастрациялау туралы заңға қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев педофилдерді химиялық кастрациялау туралы заңға қол қойды

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасауға рұқсат ететін заң қабылданды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Азаттық хабарлайды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев бүгін бұл жайлы «Балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған. Заңды наурызда парламент мақұлдаған.

Қазақстандық депутаттар бұған дейін кастрация адамды жыныстық зорлық-зомбылықтан ескерту үшін, белгілі бір уақытқа инъекция егу арқылы жасалатынын айтқан.

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова кастрация медициналық мекемеде сот шешімі бойынша ғана орындалатынын хабарлаған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version