Басты бетЖаңалықтарМажарстан және...

Мажарстан және Қытай университеттері қазақстандықтарға грант бөлді

«Комиссияның шешімімен Мажарстан жоғары оқу орындарында білім алу үшін іріктеуден өткен 200 талапкерге, сондай-ақ Қытай жоғары оқу орындарында білім алу үшін 125 талапкерге грант берілді», — деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мажарстан Республикасының Үкіметі арасындағы жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, Мажарстан 200 грант бөлген. Соның 90-ы бакалавриат, 90-ы магистратура және 20-сы докторантурада оқу үшін берілді. Оған ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан 23 ақпанына дейін құжат қабылданды. Жалпы 872 адам мажар елінде жоғары білім алуға ниет білдірген.

Сондай-ақ, ҚР және ҚХР Үкіметтері арасындағы келісім бойынша 2018-2019 оқу жылында 125қазақстандық  Қытайда оқиды. Осы грантты алу үшін 20 ақпаннан 7 наурызға дейін 325 адам құжат тапсырған.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің бастамасымен ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында комиссия құрамына ҚР Парламенті Сенатының, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ, БАҚ, сол мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері кірді. Ал ҚР БҒМ өкілдері бұл комиссияның құрамына алынбады.

Дереккөзkazinform.kz