Басты бетБастыШымкентке Теміртаулық...

Шымкентке Теміртаулық суретші Павел Кас шақыртылды

«Павел Кас – қазіргі замандағы өзекті мәселені суретімен көрсете білетін шығармашылық иесі. Шымкент Павелды  қуана қарсы алады. Ал фестиваль ұйымдастырушылары оған қажетті материалдарды ұсынуға әзір. Оның салған суреттері қаланың көркін одан сайын аша түседі деген ойдамын», –деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.

Павел Касаның граффитиі Теміртау қаласы әкімдігінің наразылығын тудырған болатын. Ол өзінің әріптестерімен бірге  тұрғын үйдің қабырғасына француз суретшісі Анри Матистің «Би» деп аталатын картинасын бейнелеген. Онда адамдар түтіні будақтаған құбырды айналып, билеп жүр. Осылайша, суретшілер қоршаған ортаның ластануына қарсылығын  білдіріпті. Ал Шымкент қаласының әкімдігі олардың бұл әрекетін жоғары бағалап, Павелды арт-фестивальге шақырып отыр. Суретші ұйымдастырушылармен қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөліміне 8(7252) 54-50-07 телефоны арқылы немесе www.visitshymkent.kz сайтына хабарласа алады.

Айта кетейік, «Shymkent Art Days 2016» фестивалі қаламызда алғаш рет өтіп, «Қазіргі заманның үндеуі» атты тақырыпта ерекше өнер иелерінің басын қоспақ. Онда стрит және поп-арт, мүсін және сәулет, дизайн және граффити секілді шығармашылық бойынша сынға түседі.