Алакөл — емдік қасиеті бар көл. Оған жиырмаға жуық өзен келіп құяды. Суы теңіз суына ұқсас және онда Менделеев кестесіндегі бірқатар элементтер бар. Ол өкпе ауруларына ем, сонымен бірге қимыл-тірек аппаратына, жүйке жүйесіне, ағзаның жай-күйіне жақсы әсер етеді. Бұған қоса көл жағалауындағы қара балшықтың да емдік қасиеті бар.

Алматыдан Алакөлге бірнеше жолдар арқылы жетуге болады:

Ұшақ арқылы

Егер ұшақпен жолға шығатын болсаңыз, Семей жақ жағалауға бару үшін әуе ұшағына билеттерді Үржар ауданына, Алматы жақ жағалауға бару үшін Үшарал не Талдықорған қалаларына дейін алып, әрі қарай автобуспен немесе автокөлікпен жетесіз.

Ұшақ билеттерін авиакомпаниялардың жеке сайттарынан немесе chocotravel.com-нан алған тиімді. Онда қосымша комиссия жоқ. Ал билетті сапардан 1-2 ай бұрын алсаңыз, бағасы арзан болады. Мысалы, демалысты шілде айына жоспарласаңыз, билетті сәуір айының ортасынан бастап іздей берген жөн. Себебі ол кезде ұшақта бос орын көп болады, сәйкесінше бағасы да арзан. Бос орын аз қалса, баға да жоғары болатынын ескергеніңіз жөн.

Сіздің ұшқыңыз келген күнде билет қымбат болса, ұшу күнін 3-5 күнге ертерек немесе шегеріп алған да арзанға түседі. Мысалы, Сhocotravel-гі «Ең үздік бағалар» бөлімінен бірнеше бағыттар бойынша арзан билеттерді табуға болады.

Ұшаққа билет алғанда тәулік уақытын да есепке алу керек. Көп адамдар оны түскі уақыттарда алады. Сұраныс көбейген кезде баға да артады. Сол себепті билеттерді таңертең ерте немесе түн ортасында алған жөн. Бұл кезде сұраныс аз, баға да арзандау.

Пойызбен

Пойыз билеттерін де арнайы сайттардан алған тиімді. Сонда артық комиссия төлемейсіз. Пойызбен жолға шықсаңыз, темір жол билеттерін Көктұма бекетіне дейін аласыз. Ол Алакөлдің оңтүстігіне жетуге ыңғайлы.

Ал көлдің шығыс жағалауына пойызбен бару тиімсіз. Онда билетте Семей бағытына алуға тура келеді. Әрі қарай Семей – Алакөл тікелей автобусына отыруға болады.

Автобуспен

Алакөлге дейін автобуспен баратын ойыңыз болса, Алматы жақ жағалауына жету үшін, Көктұма кентіне дейін билет алуға болады. Ал Семей жақ жағалауына жету үшін «Сайран» автобекетінен тікелей Алакөлге күн сайын автобус рейстері жүреді. «Арлан» сауда базарының маңайынан коммерциялық автобустарға отыруға да болады.

Жеңіл көлікпен шықсаңыз, жол шамамен 650 шақырымды құрайды. Егер жеке көлігіңіз болмаса, оны жалға алуға болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!